Бейсенбі, 05 ақпан, 18:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Қармақшы ауданында спорт саласы серпін алуда

05.02.2026

52 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Қазіргі таңда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Себебі спорт – ұлт саулығының кепілі, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыратын және қоғамдағы белсенділікті арттыратын маңызды құрал. Осы орайда спорт нысандарын жаңғырту, тұрғындарға қолжетімді спорт алаңдарын көбейту, жасөспірімдерді жүйелі түрде спортқа тарту бүгінгі күннің басты міндеттерінің қатарында. Бұл бағытта Қармақшы ауданында нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек айтып берді.

– 2025 жыл аудан үшін спорттық жетістіктерге толы жыл болды. Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында жерлестеріміз 19 алтын, 42 күміс, 18 қола медаль иеленді. Азия чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алынса, Әлем кубогында 1 алтын, 1 қола медаль иеленді. Ауыр атлетикадан Ерасыл Сәулебеков Перу елінің Лима қаласында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болса, жақында ғана шілде айында Астана қаласында өткен Азия чемпионатында алтын жүлдені иемденді. Ерекше айта кететін жағдай – Ақтау қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінде ауданымыздың екі бірдей спортшысы Арқар Бақытжан мен Әлиасқар Әлихан дзюдо күресінен жүлдегерлер қатарынан көрініп, екінші орын иеленді. Сондай-ақ 64 спортшымыз спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіне ие болды. 2024–2025 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар, ІІІ Интернационал және Ақай ауылдарында спорт кешендері пайдалануға берілді, – деді Жандос Еркінбек.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: