Қармақшы ауданы Жосалы кентінде құтқарушылар Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйітті жағаға шығарды.
«Белгісіз адамның мәйіті кенттегі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойына орналасқан көпір маңында табылды. Рейдтік шаралар өткізіп жүрген төтенше жағдайлар саласының мамандары өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.
Кейіннен белгілі болғанындай, оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екендігі анықталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!