Құт қонған Қармақшы ауданы тамыры тереңде жатқан тарихы телегей, мәдениеті бай мекен. Ауданда әлеуметтік-экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларын дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалар іске асырылып, ауданның болашаққа сенімді қадам басуына мүмкіндік бар екені мәлім. Атқарылған жұмыстардың бір қатарын Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында баяндады.
– Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл сайын өркендеп, өсіп жатқаны байқалады. Оның бір дәлелі ретінде аудан бюджетінің ұлғаюын айтуға болады. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде аудан бюджеті 9,8 млрд. теңгеге ұлғайып, жыл қорытындысымен 22 млрд. теңге құрады. Қармақшы ауданының 2025 жылдың қорытындысымен макроэкономикалық көрсеткіштерінің барлығы 100 немесе 100 пайыздан жоғары көрсеткіш қалыптасып отыр,- деді Жандос Еркінбек.
Брифинг барысында аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
-Жалпы 2025 жылы ауданда 25 мың 513 гектар егіс егілді. Аудан үшін маңызды күріш дақылы 12 мың 993 гектарға егіліп, нәтижесінде орта өнім әр гектарға 54,7 центнерден алынып, 71 мың 143 тонна астық қамбаға құйылды. Елді мекен тұрғындары өз – өздерін бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 950 отбасы 415 гектар жерге егін егіп, өнімдері жиналды. 2025 жылы Қармақшы ауданы бойынша су лимиті 411,0 млн.текше метр болса, 374,9 млн. текше метр су егістікке алынып, су лимитінің 91,0 пайызын құрады. Егінді қажетті сумен қамтамасыз ету және жайылымдық жерлерді суландыру мақсатында 2025 жылы республикалық бюджеттен 27,0 млн. теңге қаржықаралып, Қуаңдария ауылдық округі аумағында орналасқан «Таңатар» каналын механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 22,5 млн. теңге қаржы қаралып, Қармақшы ауылдық округі аумағында орналасқан Қараөзек арнасына«Қожатай» су реттегіш тоспасы қалпына келтірілді,- деді Жандос Еркінбек.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
