Сейсенбі, 19 қараша, 20:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қармақшыдағы көпбалалы аналарға баспаналар берілді

28.12.2021

1962 0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды.

Сапар барысында аймақ басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы аясында көпбалалы аналарға 10 пәтерлі 5 тұрғын үйдің кілтін табыстады. Жаңа үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Бір тұрғын үйдің жалпы ауданы 136,6 шаршы метрді құрайды.

Облыс әкімі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және жаңа жыл мерекесіне орай құттықтауын жеткізіп, әрбір шаңырақтың шаттыққа бөленуін тіледі.

«Баршаңызды еліміздің ең басты ұлық мерекесі – қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен және келе жатқан Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Баспанаға мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған отбасылар үшін мемлекетімізде тиісті жағдайлар жасалғаны белгілі. Жаңа жыл қарсаңында көпбалалы аналарға қуаныш сыйлау мақсатында кезекте тұрған отбасыларға табыстағалы тұрмыз. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!Шаңырақтарыңызға шаттық, отбастарыңызға құт-береке, амандық тілеймін», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар аймақ басшысы жақында құрылысы аяқталған жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерьді бағамдап көрді. 140 орындық жыл бойы жұмыс істейтін лагерде медпункт, клуб, асхана, ұлдарға және қыздарға арналған бөлек жатын орындары орналасқан корпустар, спорттық ойын алаңдары, автотұрақ, шаруашылық және бу қазандығы ғимараттары бар. Бас мердігер «Промстройсервис-Е» ЖШС.
Облыс әкімі оқушыларды қабылдау процесіне қажетті қадамдарды іске асырып, танымдық бағыттағы жұмыстарды осы лагерь арқылы жандандыру қажеттігін атап өтті.

Қармақшыдағы көпбалалы аналарға баспаналар берілді
Қармақшыдағы көпбалалы аналарға баспаналар берілді
Қармақшыдағы көпбалалы аналарға баспаналар берілді
Қармақшыдағы көпбалалы аналарға баспаналар берілді
Қармақшыдағы көпбалалы аналарға баспаналар берілді
Қармақшыдағы көпбалалы аналарға баспаналар берілді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: