Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қарттар күніне орай зейнеткерлерге төлемақы беріледі

28.09.2024

838 0

Сурет: pixabay.com

Қазақстанның сегіз қаласы мен аймағындағы зейнеткерлерге 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай төлемақы беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік төлемдер Астана қаласы, Ақмола облысы, Қарағанды қаласы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Павлодар облысы, Ақтау қалася мен Атырау облысында тұратын қарттарға берілетін болады.

Астана қаласындағы зейнеткерлерге бір реттік төлем ретінде 2,5 АЕК (9 230 теңге) беріледі. Ақмола облысындағы зейнеткерлерге 2-ден 5 АЕК-ке дейін (7 384 теңгеден 18 460 теңгеге дейін) төленеді. Қарағанды қаласында 75 жастан асқан азаматтарға 20 000 теңге көлемінде төлем беріледі, деп хабарлайды ekaraganda.kz. Ал Қарағанды облысында 70 жастан асқан қарттарға жергілікті өкілді органдардың шешімімен бір реттік материалдық көмек көрсетіледі.

Ұлытау облысында 11 483 қарт адамға 20 000 теңгеден төленеді. Павлодар облысында минималды және минималды көлемнен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 2 АЕК (7 384 теңге), 80 жастан асқан және минималды немесе одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 3 АЕК (11 076 теңге) берілмек. 

Lada.kz мәліметінше, Ақтауда 70 жастан асқан зейнеткерлерге 2 АЕК (7 384 теңге) көлемінде төлем беріледі. Атырау облысында әлеуметтік көмек тек мүгедектігі бар қарт адамдарға көрсетіледі. Оларға қазан айында 7,5 АЕК (27 690 теңге) төленеді.

Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы, Қостанай және Орал қалаларының әкімдіктері зейнеткерлерге төлемдер қарастырылмағанын хабарлады. Алматы, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында Қарттар күніне төлемдер туралы ақпарат әлі берілмеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: