29 қыркүйек күні «Ауыл» партиясының Қызылорда облыстық филиалында Қарттар күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Онда партия жұмысына қолдау білдіріп, өңірдің дамуына үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Жиын барысында «Ауыл» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Садық Шоңмұрынұлы мен облыстық мәслихат депутаты, «Асар» ЖШС директоры Қанағат Жаңайбекұлы ардагерлерге алғыс білдіріп, партияның 25 жылдық мерекелік медалін табыс етті.
Сонымен қатар іс-шара аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасындағы маңызды бағыттардың бірі – жасанды интеллектіні игеру тақырыбына арналған семинар ұйымдастырылды.

Ардагерлер партия жұмысының дамуына қатысты өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Алдағы уақытта қоғам игілігі үшін бірлескен жұмыстар атқарылатыны айтылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!