Сейсенбі, 26 қараша, 03:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымы кеңейеді

01.09.2023

3833 0

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында стратегиялық мақсаттармен қатар, орта мерзімде, яғни алдағы 3 жылда жүзеге асырылатын нақты міндеттер қойды. Соның ішінде  макроэкономикалық саясатты қайта қарап, жаңарту керектігін айтты: «Мен жаңа ғана экономика салаларындағы реформалардың негізгі бағыттарын айқындап бердім. Оның бәрін табысты жүзеге асырудың басты шарты – макроэкономикалық тұрақтылық. Бұл – аксиома. Қаржы, салық-бюджет және ақша-несие саясатын үйлестіру керек»  – деді.

      Бұдан өзге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы инвестицияның маңыздылығына, экономиканың өсімін тежеп тұрған басты мәселе бұл – инвестицияның жетіспеушілігі екенін баса айтты. Бұл мәселені тиімді шешудің жолы ретінде өндіріске шетелдік инвесторлармен қатар, отандық инвесторларды тартудың қажеттілігіне тоқталды.

      Сонымен қатар еліміздегі банктердің экономиканы дамытуға белсенді атсалыспауының салдарынан 2022 жылы негізгі капиталға салынған қаражат сомасы ІЖӨ-ге шаққанда небәрі 15 пайыз болғанын, банктердің тұтыну несиесімен әуестенуі қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырғандығын айтты. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң» мәселені біршама реттегенін, дегенмен бұл бағытта банктердің жеке тұрғындарға тұтыну кредиттерін бергеннен гөрі нақты секторды қаржыландыруға аса мән бергендері тиімді болатындығын жеткізді. Бұл салада қалыптасқан ахуалды түбегейлі түзету үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін, ол үшін ең алдымен, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру өте маңызды шарт екендігін атады.

      Осы орайда, Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының биыл жүзеге аса бастаған «Қарызсыз қоғам» жобасына тоқталып, оның тиімділігін ерекше атап өтті. Алдағы кезеңдерде Үкіметке «Amanat» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейтуді тапсырды.  

      Бұл жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерден сақтануды үйренеді. Еліміздің 8 өңірінде, атап айтқанда Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарында осы кезге дейін әрқайсысы 10 және  одан да көп несие алған 20 мыңнан астам азаматтардың қаржылық сауатын арттырып, аз ғана уақыттың ішінде халыққа қажеттілігін дәлелдеді. Келешекте бұл жоба ауқымы кеңейіп, халықтың игілігіне қызмет ететіндігі көңіл қуантады.

Гүлшат Мұсаева,

«AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: