Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қаржылық сауаттылық – қаржылық тиімділік

18.11.2022

1560 0

Қаржылық сауаттылық қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім. Оның мақсаты жалпы қаржы саласына деген дүниетанымды кеңейту. Сол арқылы жаңа мүмкіндіктерді ашу және қаржылай зиян әрі шығын келтіретін жайттардан сақтандыру. Біздің қазақ қоғамында бұл салаға онша маңыз беріп, көңіл бөле бермейді. Десе де, қазан айынан бастап Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында мектептер мен колледж оқушылары арасында семинар-сабақтар өтті. Қаржылық сауаттылықты арттыру негізінде ұйымдастырылған алғашқы сабақ мектептерден бастау алды.
Басты мақсат – әр адамның бойында қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік деген түсініктерге салмақты көзқарас қалыптастыру, өзінің қаржысына өзі ғана иелік ететін сенімділік беру, түрлі алаяқтықтарға ұрынып қалу тәуекелін азайту.

  • Қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік туралы білімнің
    төмен болуы қаржылық алаяқтыққа, шамадан тыс қарыздар мен әлеуметтік проблемаларға, соның ішінде депрессияға және басқа да жеке мәселелерге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, қаржылық сауаттылықтың төмен болуы банкроттыққа ғана әкелмейді, сонымен қатар зейнетке шығуды дұрыс жоспарлай алмау мәселесін туындатады, – деді облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Д. Күдебаев.
    Жастарды қаржылық алаяқтықтан сақ болуға шақырған шара барысында оқушылар мен студенттерге арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, қаржылық мониторинг агенттігінің негізгі қызметі туралы да ақпарат берілді.
    Семинар-сабақтар қала мектептерінің оқушылары арасында, сонымен қатар бірнеше колледж және «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен өткізілді. Бұл шара оқу жылының аяғына дейін жалғасын табатын болады. Және алдағы уақытта аудандарда орналасқан кәсіптік колледждер мен мектептер де қамтылмақ.

Қызылорда облысы бойынша
экономикалық тергеп-тексеру департаменті
баспасөзі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: