Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті студенттерге «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында кездесу өткізді.
Шараның мақсаты – жастар арасында ақпараттық гигиена ұғымын қалыптастыру,алаяқтардың арбауына түсуге жол бермеу, қаржылық сауаттылықты арттыру. Жиын барысында облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Нұрбол Алкебайұлы студенттерге қаржылық пирамида, лудомания, интернет алаяқтық пен дропперлік қылмыстар жайлы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ департаментпен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Атап айтқанда, үш жылда департаментпен 14 қаржылық пирамидалар анықталған. Тергеп-тексеру барысында, 11 тұлға қылмыстық жауапкершіліке тартылып, 141 млн. теңге залал өтеліп, пирамида ұйымдастырушылардың 241 млн. теңгеге бағаланған мүліктеріне тиым салынып, сот шешімімен 301 млн. теңгеге қылмыстық табысқа алынған Астана қаласындағы 7 пәтер және 1 автокөлік мемлекет пайдасына тәркіленген.
Жастар арасында өзекті мәселелердің бірі – құмар ойындарына тәуелділік. Қаржылық мониторинг агенттігініңтарапынан заңсыз ойын бизнесіне тосқауыл қою бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жылда Департаментпен заңсыз ойын бизнесі саласында 11 құқық бұзушылар тіркеліп (2023 жылы – 2 іс, 2024 жылы – 6 іс, 2025 жылы – 3), қылмыстық кіріс сомасы 84 млн. теңгені құраған. Кездесуде бұдан бөлек, банк карталарымен жүзеге асатын қылмыстық істер мәселесі талқыланып, бейнероликтер көрсетілді. Студенттер тақырып аясында сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Экономикалық қылмыстарға байланысты пікірлерін білдірді.
Мұндай шаралар жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алып қана қоймай, саналы қаржылық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!