Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз аланыңда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай брифинг өтті. Брифингте облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов мереке қарсаңыңда арнайы шара өтетінін айтып, өңірдегі барлық БАҚ өкіліне құттықтау жолдады.
‒ Құрметті журналистер, сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, әрдайым қоғамдық ахуалдың алдыңғы шебінде жүретін, ақпараттың тасқындаған алапат дәуірде тандаған мамандығына адал, ұстанымын өзгертпеген, қаламды қасиет тұтқан бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне әр кез алғысым шексіз,‒ деді басқарма басшысы.
Бүгінде 148 бұқаралық ақпарат құралы болса, оның 13 і мемлекеттік, ал 120-сы газет, 26 – сы интернеттік сайт және қалған екеуі телеарна екенін айта кетейік. Жақында ғана Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін қаламгерлер арасында шағын футболдан республикалық турнир ұйымдастырылды. Сондай-ақ Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрда қаламгерлер мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Айта кетейік, Сыр тілшілері бұқаралық ақпарат құралдарының маманы ретінде ғана емес, сондай-ақ спорт шеберлігімен де көпшілікке танылуда. Жақында өткен Алматы қаласындағы белгілі коментатор, спорт журналисі Амангелді Сейітханды еске алуға арналған турнирде қызылордалық команда жеңіс тұғырынан көрінді.
Дос Табылды
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!