Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қасым-Жомарт Тоқаев аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

08.03.2023

674 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әйелдерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Аяулы аналарымыз өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, оларды еңбекқор, білімпаз болуға тәрбиелейді”, – делінген құттықтауда.

Өз өзінде президент әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор екенін атап өтті.

“Қыз-келіншектер өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді.

Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді.

Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әрдайым көктем күніндей жадырап жүріңіздер!” – деп қосты президент.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: