Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қатерлі ісік қаупін арттырады». Ғалымдар әйелдер үшін қауіпті мамандықтарды атады

12.07.2023

575 0

Монреаль университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу бойынша, кей мамандық түрлері аналық без қатерлі ісігі қаупін арттырады. Зерттеушілер 18-79 жас аралығындағы әйелдердің мәліметтеріне анализ жасаған. Олардың бір бөлігі аналық без қатерлі ісігінің емін алып жатқан, ал қалғаны сау әйелдер болған.

Анализ қауіп тобына шаштараздар мен косметологтар жататынын көрсетті. Одан кейінгі орында сату, бөлшек сауда, сондай-ақ құрылыс саласында жұмыс істейтіндер тұр.

Зерттеу мәліметтері бойынша, бұл салаларда 10 жыл немесе одан да көп уақыт жұмыс істеу ауру дамуының жоғары қаупімен қатар жүреді. Ғалымдар бұл талькте және шашқа арналған ағартушы компоненттердің құрамындағы нақты химиялық заттардың әсерімен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.  

Шаштараздар, косметологтар және соған жақын мамандық иелері көптеген химиялық затпен әсерлеседі: аммиак, сутек тотығы, органикалық бояғыштар мен пигменттер, ағартқыштар және т.б. Алайда қатерлі ісік қаупінің артуы бұл компоненттермен немесе жұмыстағы басқа факторлармен байланысты ма екені әлі белгісіз.

Құрылыс компанияларындағы жұмыс та қатерлі ісік қаупін үш есе арттырады. Ал бухгалтерия және басқа да күні бойы кеңседе отырып істейтін және аз қозғалысты мамандықтар қатерлі ісік қаупін екі есе арттырады.

Сондай-ақ тізімге тігін өндірісіне қатысты мамандықтар да кірді.

Ғалымдар медбике болып жұмыс істейтін әйелдерде аналық без қатерлі ісігінің қаупі өте аз екенін анықтаған. Бұл олардың белсенді қозғалысымен байланысты болуы мүмкін.

Мына белгілер аналық без қатерлі ісігін көрсетуі мүмкін:

іштің кебуі;
тоқтық сезімінің жылдам келуі;
тәбеттің кенеттен жоғалуы;
іштің ауыруы;
себепсіз салмақ тастау;
ішектер жұмысының өзгеруі (мысалы, дәретханаға жиі баратын болып кеттіңіз).
Бұл белгілердің бәрін асқазан-ішек жолы проблемасы деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Егер диареямен, іш ауруымен қиналып жүрсеңіз, дәрігер ішектер мен асқазанды тексеруі үшін  гастроэнтерологқа қаралыңыз. Бірақ егер маман өзіне қатысты проблемаларды жоққа шығарса, міндетті түрде онколог пен гинекологтың кеңесін алу керек.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/86958/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: