Жұма, 17 қазан, 13:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Қатты желден 40 ауыл жарықсыз қалды

19.11.2023

1236 0

Фото: Павлодар ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар облысындағы дауыл салдарынан аймақтың бір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында ағаштар, бағдаршамдар, автобус аялдамалары құлап, шатырлар бұзылған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта шатырдың бұзылуы бойынша барлығы 42 оқиға тіркелген.

«100 елді мекенде электр қуаты үзілсе, қазір 60-ында қалпына келтірілді. 40 елді мекен жарықсыз қалды. Азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мүмкіндігінше ауа райы жақсарғанша жолға шықпау керегін ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: