«Заң мен тәртіп – қауіпсіз Қазақстан үшін» тұжырымдамасы аясында құқық қорғау органдарымен бірлескен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен тиімді байланыс орнату мақсатында бірлескен ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғын үй аулаларында орнатылған ақпараттық тақтайшаларға, лифттер мен ойын-сауық орталықтарына мемлекеттік органдардың сенім телефондары, жедел желілер және тиісті мекемелердің байланыс нөмірлері орналастырылуда. Бұл – тұрғындардың кез келген жағдай бойынша дереу хабарласуына, құқықтық көмек алуға және тәртіпке қатысты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдары мен еріктілердің бірлескен еңбегі қоғамда ашықтықты, сенімді және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.
Қауіпсіз Қазақстан – әр азаматтың, әр ұйымның және әр волонтердің ортақ жауапкершілігі.
Бірлік болса – тәртіп те, тыныштық та болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
