Биылғы жылды ішкі істер министрлігі “Профилактика жылы” деп жарияланған болатын. Атаулы жыл аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің де атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Осы орайда, терроризімнің басқа да құқық бұзушылықтың алдын алуда, қоғамдық орындарда, білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау нысандарында, адамдар көп шоғырланатын ойын-сауық орындарында полиция департаменті тарапынан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты шаралар жасалып келеді. Жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды Қызылорда облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Нағашыбай Жалғасбаев тізбектеп берді.
– Терроризмнің алдын алу, объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру, нысан аумағын заманауи қорғаныс құралдарымен жарақтау, нысандарды жеке күзет ұйымдарының күзетшілерімен күзетке беру бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылып келеді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар атқарылып, объектілердің басшылары мен меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді. Сонымен бірге, жеке күзет ұйымдары мен білім беру ұйымдарының 165 мектеп, 103 балабақша, 27 колледж, 1 жоғары оқу орынының 8 объектісі және 37 денсаулық сақтау саласының білім алушылар мен білім беру объектілері, ауруханалар мен емханалар күзетке алынып, “дабыл тетіктерімен” толық жабдықталды, – деді Нағашыбай Нұртайұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!