Дүйсенбі, 24 маусым, 18:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Қазалы ауданына 95 жыл

12.11.2023

770 0

Қазалы ауданының 95 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар басталды.

Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен «Кеше. Бүгін. Болашақ» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Жиынға қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессор-ғалымдары, аудандардан делегациялар, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері, тұрғындар қатысты.Баяндамашылар тамыры терең, тарихы кенен Қазалы ауданының құрылу тарихы мен бүгінгі тынысы, әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы жетістіктері жайында сөз қозғады.

Мерейтойға арналған мәдени-көпшілік шаралар Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық саябақта ағаш отырғызумен жалғасты. Көгалдандыру Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қазалы ауданының 95 жылдығына орайластырылғандықтан, 95 түп ағаш көшеті отырғызылды. Орталық саябаққа облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев және Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан келген меймандар, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен мәслихат депутаттары ағаш екті.

Мұнан бөлек, осы күні жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. Тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған алаң Қазалы қаласында бой көтерді. Жаңа спорт алаңының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет аймақ басшысының аудан халқына арнаған құттықтауын жеткізді. Қазалы ауданының Құрметті азаматы Болатбек Пұсырманов сөз сөйлеп, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: