Биыл Қазалы ауданының орталығындағы 4 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен тағы 3 тұрғын үй жөнделетін болады. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев хабарлады.
–Өткен жылы басталған 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру жұмыстары да биыл толық аяқталды. Сонымен қатар, аудан орталығы – Әйтеке би кентінің шет аймағындағы үйлерді электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстарына – 319 млн.теңге. Ал осы жылға бөлінген қаржы – 187,0 млн теңгені құрайды, – деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!