Жексенбі, 24 қараша, 18:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазалы ауданында инфрақұрылым желілерін салу қарқыны жоғары

04.08.2023

584 0

               Қазалы ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесі басты назарда. Себебі, жер кезегіндегі тұрғындар саны жылдан жылға артып келеді.

               «Тұрғын үй кезегін азайту үшін Ғ.Мұратбаев ауылындағы жаңадан ашылған аймаққа салынатын тұрғын үйлерді ауыз су, газ және электрмен жабдықтауға 310,483 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде.

               Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізуге 109,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып қалды», – деп хабарлады аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

               Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген 32,1 млн. теңгеге аудан орталығындағы 600 гектар жер учаскесіне салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, тиісті орталық атқарушы органдарға қаржыландыруға ұсынылды.

               Биыл аудан орталығындағы 4 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, аудандық бюджеттен тағы 3 тұрғын үй жөнделеді. Сондай-ақ, 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру да биыл толық аяқталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: