Жексенбі, 24 қараша, 15:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазалы ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда

04.08.2023

654 0

               Бүгін Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев 2023 жылдың І жартыжылдығына ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Айтуынша, ауданда жер кезегінде тұрған тұрғындар санының жыл өткен сайын көбейіп келеді. Осыған сәйкес аудан басшысы инженерлік-инфрақұрылымды дамыту мәселесін басты назарға алып отырғанын жеткізді.

               – Биыл тұрғын үй кезегін азайту мақсатында Ғ.Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз су, газ және электрмен жабдықтау үшін – 310,483 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізуге 109,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген 32,1 млн. теңгеге аудан орталығынан көлемі – 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, тиісті орталық атқарушы органдарға қаржыландыруға ұсынылды, – деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: