Өткен жылы Қазалы ауданының экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі. Аудан бюджетінің кірістері 18,9 млрд теңге болып бекітіліп, 21,6 млрд теңгеге нақтыланды. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндады.
– Қазыналы Қазалы ауданында өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Халық арасында Қазалы ауданын «Екінші Түркістан» деп атап жатады. Себебі, қазалылықтар кез келген істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Мәселен, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін 5371 кәсіпкер тіркелген. Өткен жылы ауданда жаңадан 32 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, 71 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, 2025 жылы ауданда 4 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып, оның үшеуі іске қосылды,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, өткен жылы ауданда «Ауыл аманаты» жобасы 40 жоба қаржыландырылып, 50-ге жуық жұмыс орны ашылды.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
