Сәрсенбі, 27 қараша, 22:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қазалы ауданының өзекті мәселелері талқыланды

21.04.2024

314 0

Кеше күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Қазалы ауданының өзекті мәселелері талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды.

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыты, құрылыс нысандары туралы баяндады.
Биыл ауданда бюджет қаражаты есебінен 12 нысан салынуда. Оның ішінде, өткен жылы басталған 4 нысан құрылысы жалғасты, биыл 8 жаңа нысанның іргетасы қаланбақ. Нәтижесінде ауданда 3 спорт кешені, 1 ауылдық клуб, баспанаға мұқтаж тұрғындарға жаңа пәтерлер салынып, инфрақұрылым желілері жүргізілмек.

Тұрғындарды толғандырған мәселе – аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16- шақырымындағы «Қарлан» учаскесінен Сырдария өзені арқылы көпір құрылысы. Аймақ басшысы тиісті басқарма басшысы мен аудан әкіміне аталған құрылысты жаңғыртуды және талапқа сай етіп аяқтауды тапсырды.

Мұнан бөлек, биыл аудандық маңызы бар «Әйтеке би-Қазалы» 7,1 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғырту жоспарлануда. Жобада жолды жөндеу, жарық бағаналары мен автобус аялдамаларын орнату, 2 көпір және 2 су өткізу құбырын қайта жаңғырту қарастырылған.
Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының сапасын әрі кестеге сәйкестігін қатаң қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, биылғы «Руханият жылында» барлық ауданда салынатын «Руханият» орталықтарының құрылысына ерекше назар аудару қажет. Еске салсақ, қазіргі уақытта барлық ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйінің басын біріктіретін, құны 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары салынуда. Бұл орталықтарға көпшілік жиналып, бос уақытын өткізеді, тәжірибе алмасады. Айта кетейік, биыл “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы бойынша Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының ортасындағы 600 орындық мектеп құрылысы басталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: