Жұма, 25 шiлде, 18:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Қазалыда халық тұрмысын жақсартатын ауқымды жобалар іске асуда

24.07.2025

222 0

Қазалы ауданы бүгінде Сыр өңірінде әлеуметтік-экономикалық серпін алған аудандардың қатарында. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, ауыл-аймақтарды дамыту, білім мен мәдениет саласындағы инфрақұрылымды күшейту – аудан басшылығының басты назарындағы мәселе. Осы мақсатта аудан көлемінде көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Бұл жұмыстарды көзбен көру, елге кеңінен ақпарат тарату мақсатында Қазалы ауданына арнайы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды.

Баспасөз туры аясында журналистер ауданның бірқатар маңызды нысандарымен танысты. Алдымен Қарлан учаскесіндегі темірбетонды көпірдің құрылыс жұмыстары көрсетілді. Бұл көпір – ауданның көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Құрылыс толық аяқталғанда жолаушылар мен жүк тасымалының қозғалысы айтарлықтай жеңілдейді. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау мен ауылдар арасындағы байланыс үшін үлкен қолайлылық әкеледі.

Қазалыда халық тұрмысын жақсартатын ауқымды жобалар іске асуда

Келесі бағыт – Әйтеке би кентіндегі автокөлік жөндеу орталығы. Мұнда тұрғындар автокөліктеріне кәсіби әрі сапалы жөндеу жұмыстарын жасата алады. Орталық заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл – аудан тұрғындарының тұрмысына тікелей ықпал ететін сервистік қызметтің жаңа деңгейі.

Бұдан кейінгі аялдама – Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына газ тарту жұмыстары. Қазіргі таңда аталған елді мекендерде магистральды газ құбырларының құрылысы қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін аяқталса, ауданның газдандыру көрсеткіші 73 пайызға жетеді. Бұл – ауыл халқының өмір сапасын арттыратын маңызды бастама.«Әлсейт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары да тілшілер назарына ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аяқталғанда жол қозғалысы қауіпсіз әрі ыңғайлы болмақ. Ауылдардың бір-бірімен байланысы нығайып, тасымал ісі жандана түседі.

Қазалыда халық тұрмысын жақсартатын ауқымды жобалар іске асуда

Майдакөл ауылындағы 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы да маңызды мәдени нысандардың бірі. Құрылысы аяқталуға таяу клуб ауыл халқының руханият ордасына айналмақ. Мұнда түрлі мәдени іс-шаралар, жиындар, концерттер ұйымдастырылатын болады.

Жанқожа батыр ауылындағы 300 орындық «Жайлы мектеп» жобасы да өзекті. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан бұл мектеп ауыл балаларының сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік береді. Кең әрі заманауи жабдықталған білім ошағының ашылуы – ауыл үшін үлкен жаңалық.

Бұдан бөлек, Қазалы аудандық ауруханасы жанынан салынып жатқан 42 төсектік инсульт және кардиология орталығының құрылысы назарға ұсынылды. Құрылыс аяқталған соң бұл орталық аймақта алғаш рет ашылатын инсульттік көмек орталығы болады. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, аудан халқына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетілмек.

Қазалыда халық тұрмысын жақсартатын ауқымды жобалар іске асуда

Қазалы қаласындағы «Руханият» орталығы мен сквері, №234 мектептегі ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары, Қазалы теміржол вокзалы мен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылыс барысы да журналистердің басты назарында болды. Әсіресе 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалының күрделі жөндеуден өтуі – аймақтың бет-бейнесін жаңғыртатын маңызды қадам. Вокзалдың заманауи қалыпқа келтірілуі – ауданның стратегиялық әлеуетін арттырады.Сондай-ақ Әйтеке би кентіндегі жаңғыртылған орталық алаң, Қазалы мәдени-демалыс кешені, спорт кешенінің құрылысы көрсетілді.

Бүгінде Қазалыда спортқа, мәдениетке, демалыс орындарына ерекше көңіл бөлінуде. Мұның бәрі тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасауда.Жалпы, баспасөз туры аясында Қазалы ауданында халық игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан жобалардың ауқымы мен нәтижелері кеңінен таныстырылды. Бұл жұмыстар өңірдің өркендеуіне, елдің тұрмысын жақсартуға бағытталған жүйелі бастамалардың нақты көрінісі.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: