Жексенбі, 15 наурыз, 21:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Қазалылық жастар азаматтардың дауыс беруге қатысуын қолдайды

15.03.2026

63 0

Фото: Қазалылық жастар


Дауыс беру уақыты аяқталуға жақындағанына қарамастан, белсенді тұрғындар референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Бұл ретте Қазалылық жастар да азаматтардың дауыс беруге қатысуына қолайлы жағдай жасап, белсенділік көрсетуде.

Қазалылық жастар азаматтардың дауыс беруге қатысуын қолдайды


Атап айтқанда, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы бойынша арнайы автоволонтерлер ұйымдастырылып, тұрғындарға көмек көрсетілуде.
Автоволонтерлер өз көліктерімен тұрғындарды дауыс беру учаскелеріне тегін тасымалдап, олардың азаматтық борыштарын орындауына мүмкіндік жасап отыр. Бұл бастама әсіресе қарт адамдар мен көлігі жоқ тұрғындар үшін үлкен көмек болып, көпшіліктің алғысына бөленуде.
Әрбір сайлау науқанында игі дәстүрге айналған бұл бастама биылғы маңызды саяси шара барысында да жалғасын тауып, жастардың қоғам өміріне бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте көрсетті.


— «Қоғамға пайдамыз тисе – біз үшін үлкен мәртебе. Осындай игі бастамаларды әр сайлау сайын жалғастырып, халыққа қолдау көрсетуді өзіміздің азаматтық міндетіміз деп білеміз», – дейді волонтер жастар.

Қазалылық жастар азаматтардың дауыс беруге қатысуын қолдайды


Жастардың бұл бастамасы аудан тұрғындарының белсенділігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы ынтымақ пен жауапкершіліктің нығаюына да өз үлесін қосуда.

Қазалылық жастар азаматтардың дауыс беруге қатысуын қолдайды
Қазалылық жастар азаматтардың дауыс беруге қатысуын қолдайды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: