Дүйсенбі, 23 наурыз, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Қазалылықтар Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті

23.03.2026

35 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін қазалылықтар ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Табиғат түлеп, тіршілік жандана түскен шақта аудан орталығындағы алаң мерекелік кейіпке еніп, береке мен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.

Қазалылықтар Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті


Аудан орталығында өткен мерекелік шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «РЗА» АҚ-ның президенті Самұрат Имандосов және аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сынды зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары арнайы қатысты.
Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Жолкелдіұлы қазалылықтарға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың мерекелік құттықтауын жеткізіп, Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығымен өңірде атқарылып жатқан жобалар мен игі бастамаларға тоқталды.

-Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде Наурыз мерекесі «Наурызнама» тұжырымдамасы негізінде әрбір атаулы күн аясында кең көлемде аталып өтілуде. Биылғы жыл еліміз бен өңіріміз үшін айрықша маңызға ие тарихи кезең болды. Халқымыз өңірдің даму жолында жаңа белеске көтерілді.
Осы жылдың 20 қаңтарында Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өткізіліп, ел болашағына бағытталған маңызды шешімдер қабылданды. Соның ішінде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа Ата Заң жобасы әзірленіп, 15 наурыз күні бүкілхалықтық референдум өткізілді. Аталған референдумда Сыр өңірінің халқы жоғары азаматтық белсенділік танытып, бірлік пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Ел Президенті жаңа Конституцияға және оны жүзеге асыру шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Ендігі кезекте Конституция күні жыл сайын 15 наурызда мемлекеттік мереке ретінде атап өтілетін болады. Осы маңызды тарихи оқиғамен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Аймағымыздың дамуына қосып жүрген сүбелі үлестеріңіз бен туған жердің өркендеу жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын, Мерекелеріңіз құтты болсын! – деді Мұрат Тлеумбетов.

Қазалылықтар Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті


Мерекелік шарада аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы», облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік шара барысында облыстық мәслихат төрағасы мен қонақтар, ел ағалары, бірқатар зиялы қауым өкілдерінің және аудан ардагерлерінің қатысуымен 35 бүлдіршіннің тұсау кесу рәсімі өтті.
Орталық алаңда ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, салт-дәстүрді ұлықтайтын тағылымды шаралар мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Қазалылықтар Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті
Қазалылықтар Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен атап өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: