Жылу энергетикасы – өнеркәсіптің барлық саласы мен халық тұрмысының маңызды бөлігі. Оның негізін құрайтын қазандық қондырғыларының тұрақты әрі қауіпсіз ұмысы бүкіл жылу жүйесінің үздіксіз қызмет етуінің басты шарты болып саналады. Қазандықтарды дұрыс пайдалану апаттардың алдын алып, жазатайым оқиғалардың болмауына тікелей әсер етеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қазандық, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Ақылбай Әкімниязов айтты.
– Қазандық қондырғыларын пайдалану – күрделі әрі жауапты процесс. Ол жұмыс ортасының жоғары қысымы мен температурасын, жарылыс және өрт қаупі бар қоспалардың түзілуі секілді бірқатар қауіпті факторларды қамтиды. Қазіргі уақытта жылу энергетикасында газ, сұйық және қатты түрдегі отындар қолданылады. Экологиялық және экономикалық тұрғыдан ең тиімдісі – табиғи газ. Қондырғының оңтайлы әрі қауіпсіз жұмысын қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қысым, температура, ағын, су деңгейі, діріл және газ құрамындағы оттегі мен көміртегі оксиді сияқты параметрлер тұрақты бақылауда болуы қажет. Сонымен қатар, қазандық иесі мен ұйым басшысы жабдықтарының жарамды әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге міндетті. Қазандық орналасқан орындарға адамдардың рұқсатсыз кіруіне тыйым салынады. Ал, қауіп туындаған кезде қазандық дереу тоқтатылуы керек. Авариялық тоқтату себептері арнайы журналға тіркеліп, технологиялық регламентте көрсетілген тәртіппен орындалады,- деді Ақылбай Дайрабайұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!