Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақ әдебиеті – қадірлі тақ, қасиетті мінбер

22.11.2022

829 0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапханасында жазушы, әдебиет сыншысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бақыт Сарбалаевтың мерейлі 75 жасқа толуына орай «Қазақ әдебиеті – қадірлі тақ, қасиетті мінбер» атты танымдық сағат өтті.

Ол 1947 жылы 18 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жайылма ауылында туған. Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 1970 жылы Алматы облысы Іле ауданында «Ильич жолы» газетінде, кейін «Қазақстан мұғалімі», 1974-1978 ж. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде, 1978-1982 жж.  «Жалын» журналында, 1982-1986 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, 1990-1995 жж. «Ана тілі» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1995 жылдан «Қазақ елі» газетінің бас редакторы. 2007 жылдан бері – «Сын» әдеби-сын журналының бас редакторы. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төралқасының мүшесі. Әдеби сын кеңесінің төрағасы. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды.

2007 жылдан Бақыт Тұрсынұлы өзінің бастамасымен «Сын» әдеби журналының негізін қалап, осы басылымға басшылық етіп келеді. Қаламгердің «Қызыл алма» әдеби-сын мақалаларының жинағы, «Ел мен Елбасы» атты кітаптары шықты. «Ақиқат алдында», «Өткірдің жүзі», «Жиырма бес», «Бес мүшел», «Шандоз сөздің шаһы» секілді әдеби-сын еңбектері оқырман қауым тарапынан жоғары дәрежеде бағаланды. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен шыққан көптомдық «Сырдария кітапханасы» сериясымен қаламгердің «Көккесене» әдеби-сын кітабы жарыққа шықты. Сондай-ақ жекелеген шығармалары орыс, өзбек, қырғыз, моңғол тілдеріне аударылған.

Белгілі жазушы, көрнекті әдебиет сын­шысы Бақыт Сарбалаұлының жарқын да жан-жақты шығармашылығының жемісті бір қыры – халықтың тілі мен үні, көзі мен сөзі болды.

Айнұр ТАЙЛЫБАЕВА,

№1 кітапхананың аға кітапханашысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: