«Qazaq Air» әуе компаниясының Қызылордадан Астанаға бағыт алған ұшақта жолаушы өзін жайсыз сезініп, кенеттен есінен танып, жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Сол сәтте жолаушы жас жігіт дереу көмекке келіп, шұғыл әрекет еткен. Науқастың жағдайын біліп, қан қысымын тексерген. Сосын жүрегіне жасанды массаж жасап, ұшақ қонғанша оны аман алып қалуға тырысқан.
– Белгілі болғандай, жолаушыларың арасынан суырылып шығып, алғашқы көмек көрсеткен жас жігіт студент екен. Ол – Дінмұхамед Бектұрған. Қызылорда қаласындағы қарапайым мектептің түлегі. ҰБТ-дан 117 балл алса да, жалпы медицинаға грантқа жетпей қалған. Дінмұхамед сонда да өз арманынан бас тартпапты. Астана медицина университетінің ақылы бөліміне оқуға түскен. Ал бір семестрден кейін өз білімін көрсетіп, грант бөліміне ауысқан. Қазір 7 курста оқиды. Үш тілде еркін сөйлейді, деп хабарлады inbusines
Ұшақ бортында Дінмұхаммед бортсеріктің ұшақта медицина қызметкері бар ма деген сауалына ешкім бұрылып қарамағаннан кейін жедел әрекет жасауым керек екенін түсінгенін айтады.
– Осылайша еш ойланбастан 50 жас шамасындағы науқасқа шұғыл көмек көрсетіп, жүрек-кпе реанимациясын жасадым. Осындай сәттерде бей-жай қарамай, қол ұшын созуға асыққан дұрыс деп ойлаймын, – дейді интерн-дәрігер.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!