Сенбі, 14 маусым, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 – 2156
14.06.2025
PDF мұрағаты

Қазақ киносының бағыты қалай өзгерді?

20.05.2025

59 0

Қазақ киносы — халқымыздың рухани жадын сақтайтын маңызды өнер саласы. Ол тек көрерменге көңіл күй сыйлап қана қоймай, қоғамның айнасына айналады. Заман өзгерген сайын киноның тілі, тақырыбы мен көркемдік бағыты да өзгеретіні анық. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі қазақ киносы мен өткен ғасырда түсірілген фильмдердің арасы жер мен көктей деп айтуға болады.

   Кеңестік кезеңдегі қазақ фильмдері — көркемдік жағынан терең, мазмұны бай, идеясы анық туындылар. Сол заманда түсірілген «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» фильмдер бүгінге дейін қаймағы бұзылмады. Ол фильмдерде көркем әдебиеттен алынған терең ойлар, тәрбиелік мақсаттар, ұлттық нақыш пен қарапайым халыққа тән шынайылық айқын бейнеленді.

Қазіргі қазақ кинолары бұрынғыға қарағанда өзгеше бағытқа бет алған. Бүгінгі күннің туындылары әлеуметтік мәселелерді, жастардың өмірін, ішкі қайшылықтар мен қоғамдағы әділетсіздікті көбірек көтереді. Мысалы,  “Болмаған балалық шақ”, «Мұқағали», “Жеті гүл”, “Ұялам но үй алам” сияқты фильмдер заманауи көрерменнің сұранысына сай өмір шындығын көрсетеді.

Кейбір заманауи фильмдер жеңіл әзіл мен арзан күлкіге құрылып, терең мағынадан алыстап бара жатқандай әсер қалдырады. Мұндай туындылар уақытша танымал болғанымен, рухани жағына келгенде әлсіздеу болуы мүмкін.

     Қазақ киносының өткеніне қарап тамсануға, бүгінгісін көріп үміттенуге болады. Бұрынғы фильмдер — халықтың жүрегінде мәңгі орын алса, бүгінгі туындылар — заман талабына сай жаңа ізденіс пен бетбұрыстың нәтижесі.

Ең бастысы — қазақ киносы дамып келеді. Кеше мен бүгіннің арасын үзбей, рухани сабақтастықты сақтап, көрерменге тек сапалы дүние ұсыну — қазақ режиссерлерінің басты мақсаты болуға тиіс. Сонда ғана біз «Қазақ киносы қайда бара жатыр?» деген сұраққа сенімді жауап бере аламыз.

Маман Сымбат,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің

Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: