Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақ-корей қатым-қатынасына 30 жыл

01.11.2022

929 0

​Қызылордада Достық үйінде Корея Республикасы Парламентінің депутаты, Хон Бом До қорының директоры У Вон Сик басқарған делегацияның қатысуымен конференция өтті.

Ең бірінші делегация мүшелері бірлік пен келісім шаңырағында​ облыстық корей этносының мәдени күніне әзірленген сурет және корей асханасының көрмесімен танысты.

Конференцияның модераторы облыс әкімінің орынбасары​ Нұрымбет​ Сақтағанов екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың нәтижесінде саяси және экономикалық, тарихи, мәдени, білім және басқа да бағыттағы қыруар шаруалардың атқарылғандығын алға тартты.

– Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынасы 1992 жылы орнатылды және биыл осы маңызды оқиғаға 30 жыл толады. Баршаңызды салтанатты күнмен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Корея Республикасы үшін Қазақстан сенімді серіктес болып табылады. Екі ел арасында саясат, экономика, мәдениет сияқты барлық салалардағы ынтымақтастық үнемі нығайып келеді. Бүгінде Қазақстанда 300-ден астам корей компаниялары жұмыс істейді. Олар тұрғын үйлер мен жолдар салады, кен орындарын игереді,- деді.

Конференцияда Корея Республикасы Парламентінің депутаты У Вон Сик Қазақстан басқа мемлекеттермен ашықтық пен белсенді ынтымақтастықтың арқасында Орталық Азияда ең жылдам қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өтті.

– Корей халқы Қазақстанды бейбітшілікті ту еткен ел ретінде біледі. Әсіресе жастарымыздың қазақ елінің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы орасан зор. Осы ретте екі ел арасындағы достық одан әрі тереңдей түседі деген үміттемін. Барлық бағыттар мен келіссөздер одан әр жанданып, дами түседі деген ойдамын,-деді.

Мазмұнды жиында «Қазақстан кәрістер қауымдастығының» төрағасы Юрий Шин, Қызылорда​ корей​ этномәдени бірлестігінің жетекшісі​ Елена Ким және бірлестіктің ардагері Юрий Ким сөз сөйлеп, кешегі тарихи байланыстар бүгінде өзінің маңыздылығын жоймай, жаңа заман талабына сай орнап, дамып келетіндігін атап өтті.

Осыдан 85 жыл бұрын Сыр өңіріне Қиыр шығыстан жер аударылған корей этносының өкілдері барлық замана ауыртпалығын еңсеруге еселі еңбегімен өз үлестерін қоса білді. Олар тағдыр теперішіне ұшыраған сәтте құшағын ашып, бауырына басқан жергілікті қазақ халқымен біте қайнасып,​ ынтымақта өмір сүріп, әр салада еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлесін қосып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: