Әлеуметтік желіде домбырамен ән шырқаған әлемге әйгілі актер Джеки Чанның бейнежазбасы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан жайлауда отырған Джеки Чанның қытайша ән шырқап отырғанын көруге болады. Ал жанындағы ұлттық киім киген ер адам актерді домбырамен сүйемелдеп отыр. Өнер иесінің бұл видеосы желі қолданушыларын тәнті етті.
“Джеки Чан жайлауда домбырамен ән шырқайды деп кім ойлаған?”, “Қазақ қытай бір туған”, “Нағыз қазақ”, “Жарайсыз”, “Бізді сыйлайтындарды біз де сыйлаймыз”, “Керемет”, “Жақында Джеки Чан қазақша ән айтады, біздің министрлер әлі жүр”, – деп жазды желідегілер.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!