Дүйсенбі, 14 сәуiр, 10:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

«Қазақ тілін құрметтейміз»: Магнумның топ-менеджері халық алдына шықты

11.04.2025

362 0

Фото: видеодан скрин

Magnum сауда желісінің топ-менеджері Нияз Шапақов видео жариялады. Бұл туралы Шыңғыс Мұқан өзінің жеке парақшасына жүктеді, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қадірлі тұтынушыларымыз, қымбатты отандастар! Соңғы күндері болған жағдай сіздердің де, біздің де көңілімізге кірбің түсірді.
 
Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз. 

Біз де осы дәстүрді ұстанып, қызметкеріміз бен клиентіміз арасындағы келіспеушілікті реттедік. Тараптар бір-бірімен татуласып, өзара кешірім сұрап, қол алысты. Бүгінде мәселе толық шешіліп, қызметкеріміз өз жұмысын жалғастыруда. 

Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз — басты құндылығымыз. 
Оны білу – әрбіріміздің асыл парызымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді компанияның топ-менеджері Нияз Шапақов. 

Magnum өкілдері бұл жағдайдан сабақ алғандарын және болашақта мұндай түсініспеушіліктерді болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдайтындарын жеткізді.

Олар жұмыстан шығарған тапсырыс жеткізушіні қайтадан қабылдаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: