Жұма, 22 қараша, 01:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақ жерінде ядролық қару үні өшкеніне 30 жыл толды

30.08.2021

1141 0

Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.

Есте болса, 2009 жылы Қазақстан БҰҰ Бас ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынған болатын. Ал 2010 жылы БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялаған еді.

Тарихи деректерге жүгінсек, 40 жылдың ішінде республика аумағында 456 жерасты және жерүсті сынағы жасалды. Олардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 есеге асып түседі. Жалпы осы уақытқа дейін бүкіл әлемде жасалған барлық сынақтардың 24 пайызы Қазақстан аумағында орын алды.

КСРО ыдыраған тұста Қазақстан территориясында, нақтырақ айтқанда Семей, Сарыөзек және Байқоңырда әр қайсысында 10 оқтұмсық қондырылған 108 зымыран тұрақты кезекшілікте тұрды. Ал ядролық заряды бар оқтұмсықтардың жалпы саны 1 400 дана еді. Сонымен қатар, 240 ядролық қанатты зымырандармен жабдықталған 40 ТУ-95 МС стратегиялық бомбалаушы ұшақтар болғаны есте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: