Сәрсенбі, 26 наурыз, 01:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21,2134
23.03.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан әлемдегі 50 бақытты елдің қатарына кірді

25.03.2025

160 0

Фото: freepik.com

 World Happiness Report рейтингінде Қазақстан тұрғындарының бақыт деңгейі бойынша үздік 50 елдің қатарына сенімді түрде енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды..

Рейтингтің бірінші орнын қатарынан сегізінші рет Финляндия иеленді. Сонымен қатар Дания, Исландия, Швеция және Нидерланды үздік бестіктен орын алды.

Бақыт деңгейі бойынша алғашқы 20 елдің қатарына Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Литва, Аустрия, Канада, Словения және Чехия кірді.

Қазақстан 43-орынға жайғасты, осылайша Ресейді, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Арменияны, Грузияны және Әзірбайжанды артта қалдырды. Украина 111-орынға ие болды.

Ең бақытсыз ел ретінде тағы да Ауғанстан аталды. Одан кейінгі орындарға Сьерра-Леоне мен Ливан жайғасты.

Бұл рейтинг алты негізгі көрсеткішке негізделіп жасалды:

  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ (ІЖӨ);
  • Өмір сүру ұзақтығы;
  • Жомарттық деңгейі;
  • Әлеуметтік қолдау;
  • Еркіндік;
  • Маңызды өмірлік шешімдерді қабылдаудағы сыбайлас жемқорлықтың әсері.

Сонымен қатар ТМД елдерінен бірде-бір қала әлемнің үздік гастрономиялық қалаларының қатарына енген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: