Бейсенбі, 23 қазан, 13:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан балабақшаларында балаларды 4 жастан бастап мамандыққа баулиды

23.10.2025

50 0

Фото: BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

2025-2026 оқу жылында Қазақстанда «Еңбек пен мамандыққа ерте жастан баулу» атты пилоттық жоба басталады. Бағдарламаға еліміздің түкпір-түкпірінен 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады: оның ішінде 62-сі мемлекеттік, 38-і жекеменшік балабақша, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жобаның мақсаты – балалар бойында еңбекқорлықты, жауапкершілікті және табандылықты қалыптастыру, сондай-ақ еңбекке және түрлі мамандықтарға деген құрмет сезімін дамыту.

Бағдарлама мазмұны тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне бейімделген: күн сайынғы ойын және тәжірибелік сабақтар барысында балалар әртүрлі мамандықтармен танысып, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.

Жобаны жүзеге асыру балалардың ұжыммен жұмыс істеу қабілетін арттырып, еңбекке қызығушылығын дамытады және болашақта саналы түрде кәсіби таңдау жасауға негіз болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: