Сейсенбі, 01 шiлде, 18:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан Халық партиясы — БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

01.07.2025

73 0

Журналист – қоғамның айнасы, шындықтың жаршысы, халық пен билік арасындағы сенімді көпір. Қазіргі заманда ақпарат тарату ісінің маңызы зор, ал осы жауапты миссияны абыроймен атқарып келе жатқан БАҚ өкілдерінің еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы мерекелік шара ұйымдастырып, бірқатар журналистер мен ақпарат саласының қызметкерлеріне ҚХП облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаровтың мерекелік алғыс хаты табысталды. Бұл – Ақпарат кеңістігі мамандарының кәсіби шеберлігі мен ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбегіне берілген шынайы ризашылықтың белгісі.

Құрметті БАҚ өкілдері, сөз қуатын серік еткен қадірлі қалам иелері Сіздерге шығармашылық табыс, шексіз шабыт, толағай табыс пен кәсіби абырой тілейміз!

Қаламдарыңыз мұқалмасын, беделдеріңіз биік болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: