Кездесудің негізгі мақсаты – Республика күні мерекесінің мән-маңызын айшықтап, қоғамдағы әйелдердің белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін дәріптеу болды. Іс-шара барысында әйелдердің ел өміріндегі рөлі, әлеуметтік және кәсіби саладағы жетістіктері мен үлесі туралы жан-жақты әңгіме өрбіді.
Басқосуда қазіргі таңда әйелдердің мемлекет дамуына қосып отырған еңбегі зор екенін айтылды. Оның ішінде медицина саласында қызмет етіп жүрген нәзік жандардың жауапкершілігі мен адам жанына деген шексіз мейірімі тілге тиек болды.
«Бүгінгі таңда әйелдердің қоғамдағы орны ерекше. Олар тек отбасында ғана емес, кәсіби салада да табандылық танытып, еліміздің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып келеді. Республика күні – бірлік пен жаңарудың символы, ал әйелдердің белсенділігі осы бірліктің жарқын көрінісі», – деді Әйелдер қанатының төрайымы.

Кездесу барысында емхана ұжымының өкілдері де өз пікірлерін білдіріп, медицина саласындағы өзекті мәселелер мен бастамалар жөнінде ой бөлісті. Талқылау барысында әйелдердің кәсіби дамуына жағдай жасау, әлеуметтік қолдау көрсету және отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында пікір алмасу өтті. Іс-шара жылы әрі мазмұнды атмосферада өтті. Кездесу соңында Арайлым Байжігітова медицина қызметкерлеріне алғыс білдіріп, кәсіби табыс пен отбасылық береке тіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!