Жұма, 04 шiлде, 22:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан Халық партиясының қатары кітапханашылармен толықты

04.07.2025

65 0

Қызылорда облыстық филиалы Қазақстан Халық партиясының құрамын жаңа мүшелермен толықтырды. Бұл жолы партия қатарына өңірдің кітапханашылары қабылданды. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары Жазира Ералиева, Нұргүл Төлеубай, Жансая Қожасқа партиялық билеттер табысталды.

Кітапханашылар — қоғамның мәдени-ағартушылық тірегі. Олар ақпарат пен білімді таратушы ғана емес, ұлт санасына әсер ететін маңызды буын. Сол себепті олардың партия қатарына қосылуы — аса мәнді әрі мағыналы оқиға.

Жаңа мүшелер партияның халық игілігі жолындағы бастамаларын қолдайтынын білдіріп, елдің әлеуметтік дамуына үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Партия өкілдері бұл қадамды – мәдениет пен руханиятты қолдайтын азаматтардың белсенділігінің айқын көрінісі ретінде бағалады.

Қазақстан Халық партиясы — тек саяси емес, мәдени-рухани бағыттағы дамуға да үлес қосатын құрылым. Білім мен мәдениеттің жанашырларымен бірге болу – болашаққа салынған берік негіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: