Бейсенбі, 11 желтоқсан, 16:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан Кореямен бірлесіп смарт-қала жобасын дамытуға келісті

11.12.2025

40 0

Фото: Үкімет

Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесу өткізді.

Бүгін Астанада өткен кездесу қазан айында Сеулде «Alatau Rise with Kazakhstan» роуд-шоуы аясында өткен келіссөздердің жалғасы болды. Іс-шарада қазақстандық тарап Алатау смарт-қаласын елдің стратегиялық маңызды жобаларының бірі ретінде таныстырды.

Көптеген корей компаниялары біздің келешегі зор Alatau Smart City жобамызды қолдады, бұл бізді қуантады. KIND инфрақұрылымдық құрылыс жобаларына, соның ішінде энергетика, сумен жабдықтау, су тазарту, сарқынды суларды өңдеу және су бұру, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарындағы жобаларға EPC-келісімшарттары немесе девелопмент форматы бойынша қатыса алады, – деді Қанат Бозымбаев.

Кездесу барысында тараптар логистика және порт инфрақұрылымы саласындағы өзге де әлеуетті жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады. Кең ауқымды ынтымақтастық әлеуетін ескере отырып, вице-премьер KIND басшысына Қазақстанда корпорация кеңсесін ашуды ұсынды.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Alatau City Authority» мемлекеттік қоры және Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясы арасында Alatau Smart City жобасын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: