Жұма, 02 қаңтар, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан май экспортынан 532 млн доллар табыс тапты

02.01.2026

52 0

Фото: istockphoto.com

Еліміздің сыртқы сауда айналымында күнбағыс майының үлесі айтарлықтай артып, негізгі экспорттық тауарлардың қатарына қосылды. Қазіргі таңда сыртқа жөнелтілетін өнім көлемі ішкі нарықтағы сату көрсеткішінен 2,4 есе көп. Экспорт пен ішкі өткізу көлемі арасындағы мұндай алшақтық соңғы жылдары алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың он айында ел ішінде 214,8 мың тонна күнбағыс майы өткізілсеэкспортқа 523,4 мың тонна өнім шығарылған. Ranking.kz мәліметінше, отандық өнімді халықаралық нарықта ілгерілетудегі бетбұрыс 2022 жылы басталған еді. Сол тұста экспорт көлемі шамамен 3 есе өсіп, өндірушілер Қытай нарығына жол ашты.

Содан бергі серпін толастаған жоқ: 2023 жылы шетелге сатылған өнім 58,9%-ға2024 жылы 30,6%-ға артты. Биылғы он айдың қорытындысы да көңіл көншітерлік – экспорттық жеткізілімдер 44%-ға ұлғайған.

Биылғы жылдың он айында күнбағыс, мақсары және мақта майын шетелге экспорттау арқылы ел казынасына 532 млн доллар құйылды. Экспорттық табыс бір жылда 68,3%-ға өскен. Айта кетерлігі, өнімнің заттай көлемі (39,9%) ақшалай түсімге қарағанда баяу өскен. Бұл әлемдік нарықтағы май құнының артуы табыс еселенуіне септігін тигізгенін аңғартады.

Отандық өсімдік майының негізгі тұтынушылары ретінде Өзбекстан мен Қытай көш бастап тұр.

Өзбекстан биыл бұл тауарды сатып алу көлемін 74,2%-ға ұлғайтып, елімізге 266,6 млн доллар төледі. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

Қытай екінші ірі сауда серіктесі ретінде сатушыларға 139,5 млн доллар (өсім 28,8%) көлемінде табыс әкелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: