Жексенбі, 19 қазан, 04:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылды

17.10.2025

229 0

Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысында даму әлеуеті жоқ бірнеше елді мекен ресми түрде таратылды. Ауылдарды тарату туралы шешім облыстық мәслихат сессиясында қабылданды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Осылайша Алтай ауданындағы үш ауыл – Соловьев ауылдық округіндегі Ленинск, Малеев ауылдық округіндегі Ландман және Парыгин ауылдық округіндегі Кутиха ресми түрде елді мекендер тізілімінен алынды. Сондай-ақ Шемонаиха ауданындағы Заречное және Рулиха ауылдары да жойылды.

Мәслихаттың хабарлауынша, бұл ауылдар көршілес елді мекендердің құрамына енгізілді:

Ленинск – Подорленок ауылының құрамына;

Ландман – Малеев ауылының құрамына;

Кутиха – Парыгино ауылының құрамына қосылды.

Ал Шемонаиха ауданында Заречное ауылы Усть-Таловка кентінің құрамына енсе, Рулиха станциясы Каменев ауылдық округіне берілді.

“Бұл шешім тұрғындардың және қажетті инфрақұрылымның болмауына байланысты қабылданды. Барлық әкімшілік мәселелер мен жер есебі жақын маңдағы елді мекендердің қарамағына өткізілді”, – делінген хабарламада.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: