Қазақстан пойыздарында тек әйелдерге арналған купелер болады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Питер Штурм Magistral Life бағдарламасына сұхбат беру кезінде осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Біз тек әйелдерге арналған купе енгізуді жоспарлап отырмыз, себебі бұл қауіпсіздікті, сондай-ақ клиенттер мен олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, – деді Питер Штурм.
Ол компания клиенттердің қажеттіліктеріне назар аударуға міндетті екенін атап өтті.
Біз өткен жылы жүргізілген нарықтық зерттеулерден білетініміз, кез келген әйел пойызда өзін толықтай қауіпсіз сезінбейді, сондықтан біз осындай шешім енгізіп жатырмыз. Бірақ әрбір әйел өзінің жалпыға арналған купеде немесе арнайы купедегі орнын өзі таңдайды, – деді Штурм.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!