Фото: Zakon. kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заң қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер мен қатерлерге қарсы тұрудағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.
Келісім саяси, әскери, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, транзит-көлік, су-энергетика, білім беру, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті кеңейтуді көздейді.
Келісімнің ережелеріне сәйкес тараптар парламентаралық байланысты одан әрі дамыту мен нығайтуды да қолдайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!