Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан-Қытай су дауы: Балқаш та Аралдың күйін кеше ме?

12.12.2022

1043 0

Қазақстан Қытайға жоғарғы ағыстарда суды аз жұмсауды талап ете алмайды. Бірақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасы арқылы судың жоғалуын азайтуға болады, деп хабарлайды Eurasianet.org сайты.

Қазақстан Қытайдың трансшекаралық өзендердің жоғарғы ағысында көп мөлшерде су жұмсауына тыйым сала алмайды.

Қытай-Қазақстан су дауы «Бір белдеу – бір жол» бастамасының кең контекстінде қарастырылады. Күштердің асимметриялық таралуын ескере отырып, Қытай екіжақты қатынастарда айқын үстемдік етеді.

Қытайдың Шыңжаң провинциясынан Қазақстанға екі үлкен өзен ағады. Біріншісі –Балқаш көлін толтыратын Іле өзені, ал екіншісі – Қазақстанның солтүстігіндегі негізгі өнеркәсіптік аймақ арқылы және одан әрі Сібірге ағатын Ертіс өзені. Қытай бұл сулардың жартысына дейінгі мөлшерін жұмсайды. Халық соның кесірінен Балқаш та Арал теңізінің тағдырын қайталай ма деп алаңдаулы.

Ондаған жылдар бойы Қазақстан жоғарғы ағыстарда су алуға міндетті шектеулер енгізе алмады, ал Қытай трансшекаралық сулар жөніндегі БҰҰ конвенциясына қол қоюдан бас тартты.

Бірақ соңғы уақытта Қазақстан бұл мәселені көп қозғай бермейді. Мысалы, қазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Балқаштың тартылу қаупі туралы айтқан кезде Қытайды қоспады.

Оксфорд университеті мен Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істейтін кейбір саясаттанушылардың айтуынша, Тоқаевтың үнсіздігі Қазақстанның мүддесі тұрғысынан қисынсыз болып көрінгенімен, ол аса маңызды болып көрінетін мәселелер мен екіжақты ынтымақтастық үшін мұндай нәзік тақырыптан алшақтауға тырысады.

Соңғы онжылдықта қытайлық басшы Си Цзиньпин 2013 жылы “Бір белдеу – бір жол” жобасы іске қосылатынын жариялағаннан кейін, қазақстандық шенеуніктер Қытаймен су келіссөздері туралы оң көзқарас танытады.

«Қазақстан бұл трансшекаралық келіссөздерге прагматизм тұрғысынан қарайды. Олар су мәселесін өз пайдаларына шеше алмайтындығымен келіседі, есесіне Қытаймен кең экономикалық және саяси қатынастарға қауіп төнбейді», – деді саясаттанушылар.

Жобаның арқасында елде құны миллиардтаған доллар тұратын ондаған қытайлық жобалар дамып келеді. Қытай – Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Астана тіпті жеке кәсіпкерлікті өзінің «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасына енгізді. Бейжіңмен тығыз байланыс басқа жағынан да тиімді.Биыл Ресейдің белгілі қайраткерлері Қазақстанға қауіп төндіріп, қисынсыз мәлімдемелер жасай бастағанда, Қытай президенті елге  келіп, аумақтық тұтастығын қорғайтынын айтты.

Су туралы келіссөздерде бір ғана жеңімпаз болуы міндетті емес. Екі тарап белгілі бір дәрежеде трансшекаралық өзендердің суын үнемді пайдалануға мүдделі.

Пандемияға дейін Қазақстаннан Қытайға азық-түлік импортының көлемі өсті. 29 қарашада екі елдің премьер-министрлері қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытайға экспортын ұлғайтуды талқылады.

Қытайдың жобасы аясында салыған көлік инфрақұрылымы қазақстандық фермерлерге қымбат әрі тез бұзылатын өнімдерді нарыққа тезірек жеткізуге көмектесуі мүмкін. Бірақ бұл суды көп тұтынатын дақылдардан, мысалы, мал азығынан бас тартуға және құнды жемістер мен көкөністерді өсіруді бастауға итермелейді. Қытайдың Қазақстанға салған инвестициялары өнімділікті арттырып, су қауіпсіздігін күшейте алады.Бұл трансшекаралық су ресурстарына қысымды азайтады.

Сонымен қатар, Қазақстанның өзінде де су орынсыз әрі көп жұмсалып жатқаны анықталды. Мысалы екі өзеннен ағатын канал жүйелері ескірген. Реттеуші заңнаманың болмауынан су ластанып, балық шаруашылығы мен фермаларға зиянын тигізуде. Тоқаев Балқаштың тартылуы туралы айтқан кезде, ескірген инфрақұрылымды ерекше атап өтті. Бұл тұста да Қытай Қазақстанға көмектесе алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: