Сенбі, 21 желтоқсан, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қазақстан темір жолы» пойыз бастығы мен жолсерікті жұмыстан шығарды

24.07.2024

713 0

Сурет: kz.kursiv.media

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тасымал жұмысы мен «жасырын кассаны» тексеруді күшейтті. Бұған дейін жолаушылар темір жол  бекеттеріндегі көзжұмбайлылыққа жиі шағымданатын.

Компания өкілдері кезекті рейд кезінде Шымкент станциясындағы бірінен билетсіз пойызға отырғызу дерегін анықтады. «Шымкент – Астана» пойызының жолсеріктері ресми сатып алмаған билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келісті.

«Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді. Ішкі тексерулер елдің барлық вокзалдарында өтуде»,  – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Ұлттық тасымалдаушы компания заңсыздыққа куә болған азаматтарды @jolaushylar_tasymaly (direct) парақшасына немесе +7 776 714 5686 ватсап-нөміріне фото, аудио бейнематериалдар жолдауға үндеді.

ҚТЖ қатаң шараларға көшкенін дәлелдеп бағуда. Алматы-2 теміржол вокзалында билеттердің заңсыз жолмен сатылғанын анықтады. 

Ақпарат көзі: kz.kursiv.media

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: