Жұма, 10 қазан, 17:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан төлқұжатының жаңа дизайны әзірленіп жатыр

10.10.2025

154 0

Фото: pixabay.com

Қазақстан азаматтарының төлқұжаты жақын арада жаңа дизайнға ие болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы 2025 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин хабарлады.

Биыл ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жаңа төлқұжатының дизайнын әзірлеу жұмысы басталды. Қолданыстағы төлқұжаттың дизайны айналымда 17 жыл болды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің жетекші дизайнерлері мен Банкнот фабрикасының сарапшылары төлқұжаттың визуалды безендірілуіне арналған негізгі тәсілдерді айқындады. Бұл жұмыста халықаралық стандарттар мен жаңа бағыттар ескерілді: минималистік стиль, визалық беттердегі фондық суреттер, қолдан жасалуына қарсы жаңа қорғаныс элементтері. Сондай-ақ Қазақстанның бірегей ерекшеліктерін, ұлттық болмысын, мәдени әралуандығын және көрікті жерлерін бейнелейтін жаңа дизайн тұжырымдамасы дайындалды. Жаңа дизайнның тұсаукесері алдағы уақытта өтеді, – деп жазды Ерлан Қарин Instagram-парақшасында.

Оның айтуынша, келесі кезең — сынақ үлгісін (макетін) дайындау. Бұл процесс көпсатылы баспа және қорғаныс технологияларын қолдануды қажет ететіндіктен, бірнеше ай уақыт алмақ.

Жаңа дизайндағы төлқұжаттың енгізілуі ескі төлқұжаттарды жаппай ауыстыруды білдірмейді. Жаңа төлқұжаттар азаматтардың құжатының жарамдылық мерзімі аяқталғанда, бүлінген жағдайда немесе жеке қалауымен ғана беріледі. Сонымен қатар жаңа үлгідегі төлқұжаттың құны өзгермейді, – деп нақтылады мемлекеттік хатшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: