Дүйсенбі, 25 қараша, 10:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан жалақысы төмен елдер қатарына кірді

18.01.2021

6051 0

Рейтингтің ең төменгі шегінде Өзбекстан тұр. Мұндағы төменгі жалақы көрсеткіші 57 доллар шамасында (23 883 теңге).

Қазақстан жалақы көрсеткіші төмен елдердің қатарына енді, деп хабарлайды Picodi.com.

«Зерттеуге үкімет бекіткен төменгі жалақы көрсеткіштері бар 56 ел қатысқан. Кейбір елде төменгі жалақыдан салық ұсталмайды. Мысалы, Филиппин, Гонконг елдері. Алайда көптеген елде ресми және қолға алатын жалақыда айтарлықтай айырмашылықтар бар. Сондықтан зерттеуде таза қолға алынатын сома көрсетілген», – деп жазылған хабарламада.

Рейтингтің ең төменгі шегінде Өзбекстан тұр. Мұндағы төменгі жалақы көрсеткіші 57 доллар шамасында (23 883 теңге). Екінші орында Нигерия, мұндағы төменгі жалақы 71 доллар (29 749 теңге). Үшінші орында Қазақстан, біздегі төменгі жалақы 88 доллар деп есептелген (36 872 теңге).

Ең жоғарғы көрсеткіш Люксембургте, мұнда төменгі жалақы 2 241 доллар (938 979 теңге).

Айқын

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: