2026 жылдың наурызында Enbek.kz платформасында 102,6 мың бос жұмыс орны жарияланып, 107,1 мың адам түйіндеме қалдырған. Жыл басынан бері жалпы 304,3 мың вакансия мен 394,4 мың түйіндеме тіркелген деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрлігі, – деп хабарлайды kursiv.media
Қай салада жұмыс көп, кімдер көбірек іздейді?
Жұмыс берушілер ең көп адам іздейтін салалар:
- білім беру – 22,6 мың вакансия
- қызмет көрсету – 21,2 мың
- денсаулық сақтау – 8,7 мың
- ауыл шаруашылығы – 7,9 мың
Өңірлер бойынша көшбасшылар: Түркістан, Қарағанды облыстары, Астана, Павлодар және Атырау.
Қандай мамандар керек?
- 40% – орта білікті мамандар
- 31% – біліктілігі төмен
- 29% – жоғары білікті
Ал жұмыс іздеушілердің ішінде көпшілігі жастар, нақты айтқанда 42%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Оның ішінде 54%-ы әйелдер, 46%-ы ерлер.
Жалақыға келсек, жұмыс берушілер ұсынған ең жоғарғы жалақы:
- заң бөлім басшысының орынбасарына (~1,4 млн тг)
- IT архитекторға (~1,38 млн тг)
- өндіріс басшысына (~1,14 млн тг) ұсынып отыр
Бірақ үміткерлердің күткені одан да жоғары:
HR бизнес-серіктесі – 4,2 млн тг
каротажшы – 3 млн тг
зертхана басшысы – 2,5 млн тг
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
