Қазақстанда 21 жасқа дейінгі 36,2 мың азаматтың мойнында шағын қаржы ұйымдарынан алған кредиті бар. Соның ішінде 19 мың жас несиесін 3 ай бойы төлей алмай, кешіктіріп жүр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіні төрағамы Мәдина Әбілқасымованың Сенат депутттарына берген жауабында жазылған, – деп хабарлайды kursiv.media
«Мемлекеттік кредиттік бюроның деректеріне сәйкес ағымдағы уақытта 136 239 жас адам (18-21 жас аралығындағы) микроқаржы ұйымдарынан қарыз алған, олардың ішінде 18 638 адамның 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар», – делінген жауапта.
Әбілқасымова сонымен қатар шағын несие беру талатары қатаңдағанын атап өткен. 2024 жылғы маусымда арнайы заң қабылданып, оның ішінде мынадай жаңалықтар көзделген:
- 90 күннен артық мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғаларға МҚҰ-ның микрокредит беруіне, сондай-ақ бұрын алынған микрокредиттер бойынша мерзімі 90 күннен кейін сыйақы есептеуге тыйым салынды;
- жеке тұлғамен биометриялық сәйкестендіру жүргізбей, интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасуға рұсат жоқ;
- МҚҰ-ның микрокредитті ресімдеуге келіп түскен өтініштер бойынша мәліметтерді кредиттік бюроларға нақты уақыт режимінде беру міндеті енгізілді;
- МҚҰ-ның мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңіне және ол аяқталғаннан кейін 60 күн өткен соң негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемді микрокредит бойынша сыйақы есептемей кейінге қалдыру міндеті енгізілді;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп 2024 жылғы тамызда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы қаулы қабылданды, оған сәйкес МҚҰ микрокредиттері бойынша ЖТСМ мөлшері 56%-дан 46% ға дейін төмендетілді, күнтізбелік 45 күнге дейінгі және 45 АЕК-ке дейінгі сомадағы микрокредиттер бойынша ЖТСМ мөлшері күніне 0,3%-дан кем, бірақ 179%-дан аспауы тиіс.
Сонымен қатар биыл да халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту мақсатында арнайы қаулы қабылданған. Қаулыға сәйкес, егер:
- қарыз алушының банктік қарызы 30 күннен артық, ал микроқаржы ұйымындағы микрокредиті 1 күннен артық кешіктірілсе, оған жаңа шағын кредит берілмейді.
- қарыз алушының соңғы 3 жыл ішінде банк қарызы немесе микрокредиті толық кешірілген болса, бұл да кредит алуға кедергі болады.
- соңғы 12 айда қарыз алушының бір немесе бірнеше қарызы қайта құрылымдалып, бірақ бұл оның төлем қабілетін жақсартпаған болса, шағын кредит берілмейді.
- кепілсіз тұтынушылық микрокредиттің мерзімі 5 жылдан асса, ондай қарыз бойынша да шағын кредит ала алмайды.
Агенттік басшысы қолға алынған шаралар өз нәтижесін беріп, жастар арасында шағын кредит алушылардың қатары азайып келе жатқанын атап өтеді.
Қазақстандықтардың банктер мен түрлі қаржы ұйымдары алдындағы қарызы 49 трлн теңгеден асады. Соның ішінде иқро қаржы ұйымдары биыл халыққа 3,1 трлн теңге қарыз берген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
