Сәрсенбі, 28 қаңтар, 07:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда 2025 жылы 4 млн-нан астам бала профилактикалық тексеруден өтті

03.01.2026

179 0

Фото: Egemen.kz 

2025 жылы Қазақстанда балалардың денсаулығын сақтау және ерте анықтау шаралары аясында 4 миллионнан астам бала профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Бұл туралы Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство мәліметінше, өткен жылы 2 миллионнан астам бала аудиологиялық скринингтен және психофизикалық даму бағалауынан өтті. Сонымен қатар 300 мыңнан астам сәби неонаталдық скринингпен, ал шамамен 13 мың бала офтальмологиялық тексерумен қамтылған.

Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында емханалар базасында 209 педиатриялық бөлімше және 290 даму мен ерте араласу орталығы ашылды. Бұл шаралар туа біткен даму ақауларын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша емханалар жанынан құрылған ерте араласу орталықтарында 50 мыңнан астам бала қажетті медициналық көмек алған.

Балаларға медициналық көмектің сапасын арттыру үшін 10 медициналық стандарт және ана мен бала денсаулығына қатысты 26 клиникалық хаттама жаңартылды.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл шаралар балалардың денсаулығын қорғауды күшейтуге және аурулардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: