Жұма, 27 желтоқсан, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы өседі

11.09.2024

542 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Қазақстанда 2025 жылы базалық зейнетақы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова индекстеуге сәйкес, келер жылы базалық зейнетақының шамамен 42 мыңнан 44 мыңға өседі деген болжамымен бөлісті.

“Бүгінде базалық зейнетақы төлемінің орташа мөлшері шамамен 42 мың теңге. Болжам бойынша, келесі жылдан бастап индекстеу 44 мыңға жуық болады. Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының орташа мөлшері бүгінде шамамен 152 мың, ең көбі 197 мың теңге болады. Индекстеуге сәйкес барлық көрсеткіш көтеріледі”, – деді Светлана Жақыпова.

Қазір алдағы екі жылға арналған мемлекеттік бюджеттің жоба сметасы талқыланып жатыр. Егер осы жоба бойынша бюджет бекітілсе, 2025 жылы ең төменгі жалақы 85 000 теңгені, мемлекеттік базалық ең төменгі төлем 32 360 теңгені, төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңгені, ал бір айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3932 теңгені құрайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: